4. Тапсырмалар үлгісі және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
• Болат қандай сөзді естіп, таң қалды?
• Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді?
• Болат нені әдетке айналдырды?
• Болат күн сайын өзіне қандай сұрақ қоятын? Осы сұрақты өзіңе қой және жауап
бер.
[6]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл Қосымша ақпарат
1
Білім алушының ықтимал жауаптары:
Бір күнді босқа жоғалттым/Жоғалған
күн/...
1 Білім алушының
сұрақтардың
мазмұнына сәйкес
баламалы, қысқа және
толық жауаптары
қабылданады.
Адамның пайдалы іс жасамай, ештеңе
үйренбей өткізген күні/Ешқандай пайда
келтірмей, жаңа нәрсе үйренбеген күнді
жоғалған күн дейді/...
1
Ағасына күні бойы жасаған әрекеттерін
айтуды/ Ағасына сұрақ қоюды/...
1
Мен өз күнімді жоғалтқан жоқпын деп
ойлаймын. Себебі сабаққа ынталана
қатыстым, өзім үшін көп жаңа нәрсе
үйрендім. Үйде анама көмектестім, өз
заттарымды жинастырып қойдым/...
1 Сұраққа сәйкес дәлелді
ой айтады.
1 Өз ойын жүйелі
жеткізеді.
1 Сөйлеу барысында
тілдік нормаларды
сақтайды.