4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың
тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. «Орман өнерпаздары» мәтіні бойынша берілген суретке мұқият қара. Бұл
мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Мәтіннің мазмұнын болжа және ойыңды
дәлелде.
• Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Орман өнерпаздары»
тақырыбына әңгіме құра.
Тірек сөздер: ашық алаңқай, өнер көрсету, көңілді, шаттану, тамашалау, риза болу.
Жоспар:
1) Сенің ойыңша оқиға неден басталды?
2) Оқиға қалай жалғасты?
3) Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың?
[6]
Балл қою кестесі
Тапсыр
ма №
Жауап Балл Қосымша ақпарат
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Ормандағы жануарлардың концерті
туралы болуы мүмкін, себебі олар түрлі
музыкалық аспаптарда ойнап тұр/ Бір
жануардың туған күні туралы болуы
мүмкін, себебі бәрі көңілді, ән шырқап,
билеп жүр/ ...
1
Білім алушының суреттің
мазмұнына қатысты айтылған
болжамы қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес болжам
жасайды;
1 Өз болжамына дәлелді пікір
айтып, негіздейді.