Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі орта мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 6-сыныпта жиынтық бағалау барлық тоқсанда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
«Компьютерлік графика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 6.2.2.2 Векторлық кескіндерді құру және өңдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Векторлық кескіндер құра алады
• Векторлық кескіндерді өңдей алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Графикалық редакторда салынған векторлық кескін берілген . Бұл кескінді
салу үшін қолданылатын екі құрал-сайманды анықтаңыз.
__________________________________________________________________________
2. Векторлық графикалық редакторда аққала суреті салынған. Суретті салу ретін
жазыңыз.
1 4