«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 8-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис»
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис»Оқу мақсаты8.1.5.1перифразтүріндеберілгенсұрақтарарқылымәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселебойынша ой тұжырымдауБағалау критерийіБілім алушы•Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді•Көтерілген мәселе бойынша ой қорытадыОйлау дағдыларыныңдеңгейіҚолдануОрындау уақыты15-20 минутТапсырма1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.Cұрақтар:1)«Биоалуандылық» деген ұғымды қалай түсінесіз?2)Түрлердің әртүрлілігінің табиғат үшін маңызы қандай?3)Биоалуандылықтың қысқаруы тіршілікке қалай әсер етеді?4)Адамдар не себепті биалуантүрлілік үшін жауапты?Биоалуандылық деген не?Жер бетінде бір-біріне ұқсамайтын тіршілік иелері өте көп.Ғаламшарымызда 10миллионнан астам түр тіршілік етеді. Тірі ағзалардың әркелкілігі «биоалуандылық» депаталады. Ол әралуан түрлердің саны мен түр ішіндегі айырмашылықтарды қамтиды.Биоалуандылық экожүйелердің саулығы үшін өте маңызды. Биоалуандылық: әралуантүрлердің саны, түрлер арасындағы айырмашылық. Тұрақты экожүйелер үшін маңыздыәрбір түрдің ерекше рөлі бар, сондай-ақ, түрлердің әралуандығы өзгерістен қорғануғакөмектеседі. Бірақ жаһандық биоалуандылық үлкен қарқынмен азаюда.Жаһандықбиоалуандылыққысқаруда.2100жылғақарайшамамен50-75%-ғақысқарады.Бұл біздің тіршілігімізге қатты әсер етеді.ҚорБіріншіден, барлық тағамдарымыз, көптеген дәрілер мен материалдар тірі ағзаларданалынады.Биоалуандылықтың қысқаруынан болашақ қорларымызға қауіп төнеді.ТұрақтыэкожүйелерЕкіншіден, бір биологиялық түрдің жойылуы өзге бір түрдің жойылуына әкеледі.Әралуан түрлер өсімдіктерді тозаңдау, суды тазалау, топырақты қалпына келтіру, жердіэррозиядан қорғау және атмосфераны тазарту қызметтерін атқарады. Биоалуандылықтыңқысқаруы экожүйе мен бүкіл қоршаған ортаға қауіп төндіреді.Құрметті профессор Уилсон Э.О., Гарвард университеті – «Бізге әрбір түр қажет.Бізге түрлердің шексіз әралуандылығы қажет.Біз үшін әрбір түр маңызды, себебі олардыңазаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады».Барлық тірі ағзалар өзара тығыз байланысқандықтан, биоалуандылықтың азаюыбүкілэкожүйенібұзуымүмкін.Сондықтанөзімізтіріқалуүшінбиоалуандылықтысақтауымыз керек. Көп адамның ойынша, адамдар Жердегі биоалуандылықты қорғауғаморальді тұрғыда жауапты.2. «Бізге әрбір түр қажет. Бізге түрлердің шексіз әралуандылығы қажет. Біз үшін әрбір түрмаңызды, себебі олардың азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады» (Уилсон Э.О.) дегенпікірге қаншалықты келісесіз? Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.1)Менің ойымша...2)Себебі...3)Оған дәлелім...4)Қорытындылай келе...