Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім /ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
«Теңсіздіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Квадрат теңсіздік
Рационал теңсіздік
Теңсіздіктер жүйелерін шешу
Оқу мақсаты 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу
8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу
8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат екі теңсіздіктен
құралған жүйелерді шешу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Квадрат теңсіздіктерді шешеді
Рационал теңсіздіктерді шешеді
Теңсіздіктер жүйесінің шешімін табады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
a) 1. х-тің қандай мәнінде өрнегі теріс мәндер қабылдайды?
[3]
2. Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 4 см-ге артық. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 96 см2
-ден артық болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін?
[4]
3. Теңсіздікті шешіңіз:
[4]
4. Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:
[5]