«Сақталу заңдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 9.2.3.1 - дене импульсі мен күш импульсін ажырату
9.2.3.2 - импульстің сақталу заңын тұжырымдау және
есептер шығаруда қолдану
9.2.3.5 - механикалық жұмысты аналитикалық және
графиктік тәсілдермен анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Дене импульсі мен күш импульсін ажыратады
Импульстің сақталу заңын есептер шығаруда
қолданады
Механикалық жұмысты графиктік тәсілдермен
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. (а) Дене импульсі неліктен векторлық шама екендігін сипаттап жазыңыз.
(b) Жеңіл автокөліктің алдыңғы бөлігі соққы кезінде деформацияға ұшырайтындай
етіп жасалынады.
Массаы 1200 кг болатын жеңіл автокөлікті сынақтан өткізу барысында бетоннан
жасалған қабырғаға соқтығысқаны көрсетілген.
Сынақтан өткізу барысында жазып алған бейнекөрініс арқылы жеңіл автокөлік пен
бетоннан жасалған қабырға арасындағы соққы 0,36 с созылғандығы анықталды.
Соқтығысқанға дейінгі жеңіл автокөліктің жылдамдығы 7,5 м/с. Соққы абсолют серпімді.
Жеңіл автокөлік импульсінің өзгерісін анықтаңыз.
2. Боулинг шары 3 с бойы домалап келіп кегелге тиеді.
Графикте боулинг шарының жылдамдығының уақытқа тәуелділігі көрсетілген.