«Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 9.6.1.3 - фотоэффект құбылысын сипаттау және
фотоэффект құбылысының техникада
пайдаланылуына мысалдар келтіру
9.6.1.4 - фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын
есептер шығаруда қолдану
9.6.2.1 - α, β және γ - сәулеленудің табиғаты мен
қасиеттерін түсіндіру
9.6.1.7- α-бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд
тәжірибесін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
Фотоэффект құбылысын сипаттайды және
фотоэффект құбылысының техникада
пайдаланылуына мысалдар келтіреді
Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын
есептер шығаруда қолданады
α, β және γ - сәулеленудің табиғаты мен
қасиеттерін түсіндіреді
α -бөлшегінің шашырауы бойынша
Резерфорд тәжірибесін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Суретте берілген құрылғының Х металл бетіне монохроматты ультракүлгін сәулесі
келіп түседі.
Монохроматты ультракүлгін сәуленің Х металл беттен түсуі салдарынан электрон шығып
У электродының бетінде жиналады.
(а) Жоғарыда көрсетілген құбылыс қалай аталады?
(b) Бұл құбылыстың техникада қолдану аясына мысал келтіріңіз.