«Атом ядросы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 9.6.2.3 - радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда
қолдану
9.6.2.4 - тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын
сипаттау;
9.6.2.5 - ядролық реактордың жұмыс істеу принципін
сипаттау
9.6.2.8 - радиациядан қорғану әдістерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда
қолданады
Тізбекті ядролық реакциялардың теңдеуін
жазады және сипаттайды
Ядролық реактордың жұмыс істеу принципін
сипаттайды
Радиациядан қорғану әдістерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. (а) Ядролар ыдырағанда үнемі сақталатын заңды жазыңыз.
(b) Барий-144 радиоактивті изотоп және бета-бөлшек шығарады.
Бета-бөлшек шығарғанда барий-144 изотобының салыстырмалы атомдық массасы қалай
өзгеретінін түсіндіріңіз.
2. 37?? 90 нуклидінің β-ыдырауы кезінде стронций пайда болады (38?? 90 ).
(a) β- ыдырауының реакциясын жазыңыз.
(b) Радиоактивті стронцийдің ыдырамаған атомдарының бастапқы саны 1600.
(i) Кестені толтырыңыз
Уақыт өткен сайын активті элементтер санының өзгеруі
t (уақыт) 0 Т 2Т 3Т 4Т 5Т 6Т
N
(ii) Кесте мәліметтері бойынша ыдырамаған ядролардың жартылай ыдырау
периодына тәуелділік графигін сызыңыз.
3. Радиоактивті элементтің активтілігі 8 тәулікте 4 есе кеміген. Жартылай ыдырау
периодын табыңыз?
4. (a) Тізбекті ядролық реакция дегеніміз не?
(b) Уран 92?
236 нейтронды қармап алып 56?? 144 мен 36?? 90 элементтеріне бөлінеді.
Реакция нәтижесінде неше нейтрон бөлініп шығатынын анықтаңыз