«Электростатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.3.1.1 - электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын
есептер шығаруда қолдану
10.3.1.3 - зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның
және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін
анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану
10.3.1.8 - конденсатор сыйымдылығының оның
параметрлеріне тәуелділігін зерттеу;
10.3.1.10 - электр өрісінің энергиясын есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
Зарядтардың өзара әрекеттесу күшін сипаттайды
Электр өрісіндегі өткізгіштерді сипаттайды
Электр сыйымдылығының мағынасын сипаттайды
және мәнін анықтайды
Электр өрісінің энергиясын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Екі бірдей заряд ауада бір-бірінен 0,05 м қашықтықта 1,2·10−4Н күшпен әсерлеседі.
a) Зарядтардың шамасын есептеңіз.
b) Осы екі зарядты диэлектрлік өтімділігі ε сұйыққа бір-бірінен 0,05 м қашықтыққа
орналастырады.
i. Зарядтардың арасындағы әрекеттесу күші қалай өзгеретінін сипаттаңыз.
ii. Зарядтар диэлектрикте бір-бірінен 0,12 м қашықтықтан өзара 1,5·10−5Н
күшпен әрекеттеседі деп алып, сұйықтың диэлектрлік өтімділігін анықтаңыз.
2. Әр аттас зарядталған пластиналар арасына зарядталмаған өткізгіш шарды
орналастырып, көрсетілген бағыт бойынша қозғалысқа келтірсе, қандай өзгерістер
болатынын тұжырымдаңыз.
3. Кернеулігі 1,2 Н/Кл біртекті электр өрісінде заряды –3 мкКл-ға тең тозаң тепе-теңдік
қалпын сақтаған. Тозаңның массасын анықтаңыз. Электр өрісінің күш сызықтарының
бағытын көрсетіңіз.