«Әртүрлі ортадағы электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.3.3.1 Металдардағы электр тогын сипаттау және
кедергінің температураға тәуелділігін талдау;
10.3.3.3 Жартылай өткізгіштердегі электр тогын
сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын
қолдану принципін түсіндіру
10.3.3.5 Электролиттердегі электр тогын сипаттау және
электролиз заңын есептер шығаруда қолдану
10.3.3.7 Газдардағы және вакуумдағы электр тогын
сипаттау;
10.3.3.8 Электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу
принципін және қолданылуын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Металдар кедергісінің температураға тәуелділігін
сипаттайды
Жартылай өткізгіштік құралдардағы электр тогын
сипаттайды
Электролиз құбылысының қолданылуын
түсіндіреді
Фарадей заңын есептер шығаруда қолданады
Вакуумдағы электр тогын сипаттайды
Электронды-сәулелік түтікше жұмысын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Мыс сымды катушкаға тұрақты кернеу берілген. Осы катушканы еріп жатқан мұзға
батырғанда ток күші 14 мА, ал қайнаған суға батырғанда ток күші 10 мА болды. Осы
мәліметтерді пайдаланып, мыс сымның кедергісінің температуралық коэффициентін
анықтаңыз.
2.
a) Графикте термистор кедергісінің температураға тәуелділігін сызыңыз.
42
b) Cуретте көрсетілгендей ЭҚК-і 12 В, ішкі кедергі