«Статика және гидростатика», «Сақталу заңдары» және «Гидродинамика» бөлімдері
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және
әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру
10.1.3.2 - Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы
10.1.3.3 - гидростатикалық қысым терминін түсіндіру
10.1.4.1 - сақталу заңдарын түсіндіру
10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ағыстарын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
Денелердің тепе-теңдігін сипаттайды
Гидростатикалық қысымды анықтайды
Импульс пен энергияның сақталу заңдарын сипаттайды
Гидродинамика заңдарын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 30 минут
Тапсырма
1. Жеңіл PQR үшбұрышы қатты пластиктен жасалған. P бұрышы арқылы айналу осі өтеді.
а) 1-суретте көрсетілгендей Q нүктесіне 5 Н горизонталь күш әсер етеді. Күш
әсерінің нәтижесінде қандай процесс болатынын тұжырымдаңыз.
b) Басқа екінші жағдайда пластик бөлігіне 2-суретте көрсетілгендей екі
горизонталь 5 Н күштер әсер етеді.
i. Күштер әсерінің нәтижесінде пластик бөлігімен қандай процесс болатынын
сипаттаңыз.
ii. Егер дене тепе-теңдікте тұрса, онда айналу осі тарапынан пластик бөлігіне әсер
ететін күштің бағытын 2-суретке стрелкамен сызып көрсетіңіз және бұл күштің
сан мәнін жазыңыз