«Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаттары 10.2.1.1 - молекулалық кинетикалық теорияның негізгі
қағидалары мен идеал газды сипаттау
10.2.1.2 - қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін
молекулалық кинетикалық теорияның негізінде
сипаттау
10.2.1.3 - кристалл және кристалл емес қатты заттардың
құрылысын ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
МКТ негізгі қағидаларын түсіндіреді және
физикалық шамалардың тәуелділігін сипаттайды
Зат күйлерін МКТ негізінде сипаттайды
Заттардың құрылысын ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Жабық газ баллоны ыстық, шуақты күні далада қалдырылған. Газ температурасы
көтерілетіндіктен, газ қысымы мен газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы
өзгереді.
(a) Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы қалай өзгереді?
(b) Баллондағы газ қысымы қалай өзгереді?
2. Өте ұсақ бидай тозаңының бөлшектері стакандағы суда ериді. Стаканға жарық түсіп
тұр. Микроскоп көмегімен судағы анық нүктелерді көруге болады. Нүктелер өте тез,
хаосты, кез-келген бағытта қозғалады.
(a) Бұл нүктелер туралы тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
A) Өзара әсерлесетін тозаң бөлшектері
B) Өзара әсерлесетін су молекулалары
C) Су молекулаларымен әрекеттесетін тозаң бөлшектері
D) Тозаң бөлшектерімен әрекеттесетін су молекулалары.
(b) Броундық қозғалыс пен диффузияның айырмашылығын атаңыз.
(c) Идеал газ дегеніміз не?