«Электромагниттік индукция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.3.5.1 - магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр
қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру
10.3.5.2 - Ленц ережесін түсіндіру
10.3.5.3 - электромагниттік құралдардың
(электромагниттік реле, генератор,
трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіреді
Ленц ережесін қолданады
Трансформатордың жұмыс істеу принципін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. 1- және 2- суреттерде берілген контурларда пайда болатын индукциялық токтар
бағытын анықтап, суретте белгілеңіз.
2. Суретте бір орамды катушкасы бар екі полюсті электрқозғалтқыш берілген.
Коллектор үзік сақина түрінде жасалған және катушка айналған кезде, ондағы токтың
бағытын өзгертеді. Егер катушка бір рет айналым жасаса, ток бағыты неше рет өзгереді?
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
3. Жолақ магнит стержені металдан жасалған. Суретте катушкаға қарай қозғалып келе
жатқан магнит стержені көрсетілген. Магнит полюстері белгіленген.