(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Геометрия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-11 сыныптар)
Тапсырмалар үлгілері және балл қою кестеcі
«Геометрия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.Алтыбұрышты призманың төбелері мен жақтарының қосындысынан қырлар санының
айырмасын табыңыз.
A. 0
B. 2
C. 4
D. 6
[1]
2. Үшбұрышты қиық пирамиданың табандары
A. тең үшбұрыштар
B. ұқсас үшбұрыштар
C. трапециялар
D. тең бүйірлі трапециялар
[1]
3. Бесбұрышты призманың әр төбесі неше жаққа тиісті?
A. 2
B. 3
C. 4
D. 5
[1]
4. Суреттегі қай дене призма болып табылады?
A. 1, 2, 4
B. 3, 4, 5
C. 1, 2, 5
D. 2, 3, 4
[1]
5. Кубтың бір жағының ауданы 27 см2
тең. Кубтың диагоналін табыңыз.
[2]
6. Дұрыс бесбұрышты пирамиданың сызбасын салыңыз. Оның биіктігін сызбада кескіндеңіз.
[2]