(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Информатика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-11 сыныптар)
Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Информатика» пәні бойынша
1-тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Бұлттық технологиялар ұсынатын екі қызметті анықтаңыз.
(1)______________________________________________________________________
(2)______________________________________________________________________
[2]
2. Бұлттық қызмет модельдері мен олардың сипаты арасында сәйкестік орнатыңыз.
1. Ортақ (Public)
2. Жеке (Private)
3. Аралас (Hybrid)
А. Жеке кәсіпорындардың өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар
мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған
инфрақұрылым. Ол сол кәсіпорынның өзінде серверлерде
орнатылуы мүмкін.
B. Интернетте еркін жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, көпшіліктің
пайдалануына арналған инфраструктура.
C. Ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған
инфрақұрылым.
D. Екі немесе одан да көп бұлт түрлерінің комбинациясын
атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық
тұрғыдан әр жерде орналасқан филиалдары бар немесе
көптеген программалық жүйелері бар ірі компаниялар
қолдануы мүмкін.
1 ___________ 2 ___________ 3 ____________
[3]
3. Бұлттық технологияның қызмет көрсетуінің келесі модельдері бар: SaaS(software as a
service) , PaaS(platform as a service), IaaS(infrastructure as a service) және т.б. Кез келген екі
модельді таңдаңыз және сипаттаңыз.
(1)_____________________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(2)_____________________________________________________________________________
_________________________________________________________________
[2]
4. Дұрыс екі тұжырымды анықтаңыз. Жалауша белгісін қойыңыз.
Тұжырым Блгі
Бұлттық технологияны тұтынушы өзінде жоқ көптеген программаларды
бұлттар тарапынан пайдалана алады.
Бұлттық технологияда пайдаланушы құрылғылардың бұзылуынан немесе
программаның жұмыс жасамай қалуынан тәуелді болады.
Құжатты бұлтқа шығару арқылы программалық қамтамасыз ету, оны
жаңарту, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуге болады.
[2]
5. Бұлттық технологияның кез-келген салада қолданылуына бір мысал келтіріңіз,
сипаттаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[1]