«Айнымалы ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.4.3.3 - синусоидалы айнымалы ток немесе кернеуді
гармоникалық функция түрінде көрсете алу
11.4.3.4 - айнымалы ток тізбегінде тек активті жүктеме
кезінде(резистор) фаза ығысуын сипаттау;
11.4.3.9 - резонанс шартын түсіндіру және оның
қолданылуына мысал келтіру;
11.4.3.13 - трансформатор орамасындағы орам санын
эксперимент арқылы анықтау;
Бағалау критерийі Білім алушы
берілген графикті қолдана отырып, қажетті физикалық
шамаларды анықтайды және айнымалы ток немесе
кернеуді гармоникалық функция түрінде көрсете
алады;
айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергінің ролін, ток
күші мен кернеудің теңдеулерін және тек активті
жүктеме кезінде(резистор) фаза ығысуын сипаттайды;
білу, резонанс шартын түсіндіру және кернеу
резонансының қолданылуына мысал келтіреді;
трансформатордың сұлбасын пайдалана отырып, түрін
ажыратады, бірінші және екінші ретті орамдағы
кернеулерді және трансформатор формуласын
қолдана отырып, орам санын анықтайды;
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдысы
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1.Суретте осциллограф арқылы алынған айнымалы кернеудің-уақытқа тәуелділік графигі
бейнеленген.
Осциллографтың бір бөлігі уақытқа қатысты 20 мс, ал кернеуі 1.5 В
(а) толық бір тербеліске кеткен уақытты анықтаңыз.
[1]
(b) тербелістің бұрыштық жиілігін анықтаңыз.
[1]
(с) айнымалы кернеудің максимал шамасын анықтаңыз.
[1]
(d) айнымалы кернеудің-уақытқа тәуелді теңдеуін жазыңыз.
[1]