«Атом ядросының физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11. 8.2.2 - радиоактивті ыдыраудың формуласын
есептер шығаруда қолдану
11. 8.2.3 - атомдық ядроның байланыс энергиясын
есептеу және меншікті байланыс энергиясының
ядроның массалық санына тәуелділігін түсіндіру
11. 8.2.4 - ядролық реакцияны жазу кезінде массалық
және зарядтық санның сақталу заңын қолдану;
11. 8.2.6 - магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің
қозғалыс сипатын түсіндіру
11. 8.2.8 - ядролық реакторлардың құрылысы мен
жұмыс істеу принципін сипаттау;
Бағалау критерийі Білім алушы
радиоактивті ыдыраудың формуласын қолдана
отырып, берілген заттың жартылай ыдырау
периодын және ыдырап кеткен массаны
анықтайды;
атомдық ядроның масса ақауын анықтай
отырып, оның байланыс энергиясы мен меншікті
байланыс энергиясын анықтайды;
ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және
зарядтық санның сақталу заңын қолданады;
протонның магнит өрісіне енген кездегі
қозғалысын салып көрсетеді;
ядролық реакторлардың құрылысын біледі және
нейтрондарды жұтып алатын заттарды атап
жазады;
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
44
Тапсырмалар
1. Радиоактивті заттың активтілігі 8 күн ішінде төрт есе кеміген.
(і) берілген заттың жартылай ыдырау периодын анықтаңыз