БЖБ Жаратылыстану 4-сынып «Жанды табиғат. Адам»
«Жанды табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жаратылыстану» 4-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Жаратылыстану 4-сынып «Жанды табиғат. Адам»
«Жанды табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.3 Адам
Оқу мақсаты 4.2.3.2.Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін
сипаттау
4.2.3.1 Зәр шығару жүйесі мен оның адам ағзасындағы
рөлін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамның жүйке жүйесінің мүшелерін атайды
және олардың қызметін сипаттайды
• Зәр шығару жүйесінің мүшелерін атайды және
қызметін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
а) Адамның жүйке жүйесінің мүшелерін жаз.
b) Адамның жүйке жүйесі қандай қызметтер атқарады? 1 мысал келтір.
Cкaчaть документ