Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ «Қазақ тілі» 7-сынып 2-тоқсан

ТЖБ «Қазақ тілі» 7-сынып 2-тоқсан

23 ноя 2023, 16:39
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 7 сынып
418
1

Қазақ тілі 7 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ «Қазақ тілі» 7-сынып 2-тоқсан

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Сүйіспеншілік пен достық. Морфология
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1.Үзіндіні тыңдап, оқиғаның жалғасын өз болжамыңызбен жалғастырыңыз.
2.Түпнұсқаны тыңдап, божамыңыздың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы
туралы кері байланыс беріңіз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Бір айдаһар аюды қуып бара жатады. Мұны көрген аңшы батыр айдаһарды өлтіріп,
аюды құтқарып алады. Аю өлімнен құтқарып алғаны үшін батырға шексіз алғысын білдіріп,
аңшы қайда барса, соның артынан қалмай жүретін болады.
Сұрақ:Аю мен аңшы батырдың арасындағы қарым-қатынас әрі қарай қалай өрбиді?
...
Көрген елдің бәрі «Аю – жыртқыш аң. Абай бол!» – десе, аңшы: «Айдаһардан құтқарып
алғаным үшін бұл аю менің адал, сенімді серігім болды», – дейді. Елдер: «Ақымақтың
достығыжамандығынандажаман.Сенаюғасенбе!»десе,батыр:«Мұныңбәрін
қызғаныштан айтып отырсыңдар. Қарасаңыздаршы қандай сүйкімді! Бейшара аюдың мені
қатты жақсы көретінін қалайша түсінбейсіңдер», – дейді. Ақымақтың махаббаты алдамшы
болатынына сенбейді. Аюдан бас тарта алмайды.
Бір күні аңшы ұйықтап жатқанда, бір маса бетіне келіп қонады. Аю батырдың ұйқысын
мазалап тұрған масаны қуып ұшырып жібереді. Маса ұшып-ұшып, қайтадан жігіттің бетіне
келіп қонады. Мұны көрген аю әбден ызаланып, маса отырған жерге үлкен таяқ лақтырады.
Сол кезде маса ғана емес, жақсы көрген аңшыны да өлтіріп жібереді. Осылайша жақсылық
жасаймын деп, жақсы көргенді өлтіреді.
2-мәтін
Аңыз кейіпкері Жошы хан - тарихта болған адам, атақты жаһангер Шыңғысханның
үлкенұлы.Мұндайоқиғаныңболғандығынтарихрастайды.Осыданүшкүнбұрын
Шыңғыстың сүйікті ұлы, Қыпшақ даласының билеушісі Жошы аңнан қайтып оралмады. Ол
құлан аулауды жақсы көреді екен. Аңға бірге шыққан нөкерлерінің айтуынша, бұлар бір үйір
құланға кездесіпті де, ханның оғы солардың бірін жаралапты. Хан ұлының оғы жаралаған
ақсаққұланонышайнапөлтіреді.Ақыры,күнұясынақонаршақта,ханныңмүрдесі
табылады. Ажалы аңнан келгені, я жаудан келгені белгісіз. Ханзада жоғалып кеткеннен кейін
хан бір жамандық болғанын сезеді де: «Кім маған балаң өлді деп келсе, соның аузына
балқыған қорғасың құямын», - дейді. Ханға баласының қаралы хабарын жеткізуші адамның
жазасы - өлім. Ханның сөзін естіп, адамдар оған баласы туралы шындықты айтуға қорқады.
Сұрақ:Хан ұлының өлімі туралы қаралы хабарды кім жекізеді? Оқиғаны жалғастыр.
...
Қара халықты өлім жазасынан құтқару үшін, қаншама қатерлі болса да ханға естіртуді
найманнан шыққан ұлы Кетбұғы жырау мойнына алады. Жырау өзі сөйлемей, домбырасын
сөйлетеді. Қу тақтай ызынап қоя берді. Домбыраны тартып жатқан Кетбұғы емес сияқты,
домбыраның өзі сөйлеп жатқандай көрінді. Күйді тыңдаған хан бәрін түсініп, ашуланады.
Күйтартылыпбіткенсоң,қаһарынамінгенханКетбұғыжыраудыжазалауғашешім
қабылдады. «Қаралы хабар айтушының жазасы-өлім. Бірақ, Жошының қазасын естірткен
мен емес едім ғой! Мына домбыра емес пе еді, саған азалы хабарды жеткізген!»...Жаман
хабарды әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйырық береді. Қайғылы хабарды


Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Алтынбекова Жанар
Алтынбекова Жанар

Керемет, еңбектеріңіз жемісті болсын!!!

Алтынбекова Жанар, Керемет, еңбектеріңіз жемісті болсын!!!!

Алтынбекова Жанар

Керемет сайт!!!!

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.