ТЖБ «Биология» 7 сынып 2-тоқсан
«Биология» 7 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Биология» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын9тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ «Биология» 7 сынып 2-тоқсан
«Биология» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Өсімдік тасымалдау жүйесінің сызбасы берілген.
Жапырақ
Тамыр
1 және 2 өткізгіш ұлпалар арқылы қандай заттар тасымалданады.
1 2
А) Тек су Органикалық заттар
В) Органикалық заттар Тек су
С) Су мен минералды тұздар Қанттар
D) Қанттар Су мен минералды тұздар
[2]
2. Тұйық қанайналым тән ағзаларды анықтаңыз.
А) жүзім ұлуы жауын құрты шегіртке өрмекші
В) жауын құрты алабұға бақа тасбақа
С) қолтырауын шортан шаян сарышаян
D) өрмекші үйрек көгершін кесіртке
[1]
3. Төмендегі суретте жапырақтың ішкі құрылысы берілген.
Жапырақтың В және Е құрылымдары фотосинтездің жүруіне ықпалын түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
[2]
Cкaчaть документ