Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Биология, 8-сынып 1-тоқсан «Тірі ағзалардың көптүрлілігі»

БЖБ Биология, 8-сынып 1-тоқсан «Тірі ағзалардың көптүрлілігі»

24 ноя 2023, 11:45
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 8 сынып
52
0

«Тірі ағзалардың көптүрлілігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Биология 8-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген

БЖБ Биология, 8-сынып 1-тоқсан «Тірі ағзалардың көптүрлілігі»

«Тірі ағзалардың көптүрлілігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және
жабықтұқымдылардың ерекшеліктері.
Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері.
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің айырмашылығы.
Буынаяқтылар мен хордалылардың ерекше белгілері.
Оқыту мақсаттары 8.1.1.1 балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және
жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін
сипаттау
8.1.1.2 саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау
8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі
белгілеріне қарай ажырату
8.1.1.4 буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше
белгілері бойынша тану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және
жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін
сипаттайды
• Саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттайды
• Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі
белгілеріне қарай ажыратады
• Буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше
белгілері бойынша сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу, түсіну және қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Балдырлармен салыстырғанда мүктерде болады:
A) споралар
B) мүшелер
C) хлорофилл
D) камбий
2. (i) Өсімдіктер дүниесінің бөлімдеріне сай ерекшеліктерін сәйкестендіре отырып,
белгілеңіз.
1 Ашықтұқымдылар А Топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді
2 Жабықтұқымдылар В Спордан жүрекше тәрізді өскін өсіп шығады
3 Мүктәріздестер С Тұқымы жабық орналасқан
4 Қырықжапарықтәріздестер D Қанатша тәрізді тұқымнан таралады
A) 1-А, 2-С, 3-D, 4-B
B) 1-C, 2-B, 3-D, 4-A
C) 1-A, 2-D, 3-B, 4-C
D) 1-A, 2-D, 3-C, 4-B



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.