Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ «Физика» 8-сынып 2-тоқсан «Заттың агрегаттық күйлері»

БЖБ «Физика» 8-сынып 2-тоқсан «Заттың агрегаттық күйлері»

24 ноя 2023, 12:11
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 8 сынып
136
0

«Заттың агрегаттық күйлері»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 8-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ «Физика» 8-сынып 2-тоқсан «Заттың агрегаттық күйлері»

Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 8.3.2.17 – термодинамиканың бірінші заңының мағынасын
түсіндіру
8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін
сипаттау
8.3.2.20 – іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының
жұмыс істеу принципін сипаттау
8.3.2.19 – жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет
коэффициентін анықтау
8.3.2.21 – жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда
қолданады
• Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін
сипаттайды
• Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін
сипаттайды
• Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін
анықтау әдісін сипаттайды және жылу қозғалтқыштарын
жетілдіру жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Изотермиялық сығылу кезінде газ қоршаған денеге 800 Дж жылу мөлшерін береді.
Газдың ішкі энергиясының өзгерісі қандай?
[2]
2. Белгілі бір процесс кезінде газ 5 МДж жұмыс атқарды. Осы кезде ішкі энергия 2 МДж-ға
кемиді.
a) Газға берілген энергия қайда жұмсалатынын термодинамиканың бірінші заңы негізінде
түсіндіріңіз және формуласын жазыңыз.
 [2]
b) Газға қандай жылу мөлшері берілгенін есептеңіз.
 [1]
3. Идеал жылу машинасында қыздырғыштан алынатын әр килоджоуль энергия есебінен
300 Дж жұмыс атқарылады, ал тоңазытқыш температурасы 280 К.
a) Қоршаған ортаға бөлінген энергияны анықтаңыз.
[1]
b) Машинаның ПӘК-ін есептеңіз.
 [1]
c) Идеал машинаның ПӘК-ін анықтайтын Карно формуласын жазыңыз. 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.