Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ «Химия» 8 сынып 1-тоқсан

ТЖБ «Химия» 8 сынып 1-тоқсан

24 ноя 2023, 14:05
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 8 сынып
146
0

«Химия» 8 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын9тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ «Химия» 8 сынып 1-тоқсан

«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Магний атомы үшін дұрыс тұжырымдарды анықтаңыз.
1. Магний атомының сыртқы электрондық қабатында 2 электрон бар
2. Магний атомы сыртқы электрондық қабатындағы 2 электронды беріп жібере алады
3. Магний атомы сыртқы электрондық қабатына 3 электрон қосып алады
4. Mg2+ ионын түзе алады
5. Mg2- ионын түзе алады
A) 1,2,4
B) 2,4
C) 3,5
D) тек 4
[1]
2. Екінші топ элемент атомдарындағы электрондардың электрондық қабаттарда орналасуы
бойынша дұрыс тұжырым таңдаңыз.
+4Be )2ē ) 2ē +12 Mg) 2ē) 8ē) 2ē +20Ca ) 2ē)8ē) 8ē) 2ē
A) екінші топ элемент атомдарының сыртқы энергетикалық қабатындағы
электрондар саны 3-ке тең
B) электрондар атомда біркелкі таралады
C) электрондар атомда ядродан ара қашықтықтары артып келе жатқан
энергетикалық деңгейлерде біртіндеп орналасады
D) электрондар атомда ядродан ара қашықтықтары кему ретімен орналасқан
энергетикалық деңгейлерде біртіндеп орналасады
[1]
3. Төменде берілген қосылыстардың формуласын «нольдік қосынды» әдісі бойынша
құрастырыңыз:
1) Al3+ және S2-
2) P5+және Cl-
[2]
4. Cөндірілмеген әкті жоғары температурада әктасты (кальций карбонатын) қыздыру арқылы
алады. Сөндірілмеген әкке су қосқанда кальций гидроксиді (сөндірілген әк) түзіледі. Осы
өзгерістерді сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып көрсетіңіз.
1) Әктастың ыдырауы ____________________________________________________________
2) Сөндірілмеген әкті сөндіру ______________________________________________________
[2]
5. Сызбанұсқада түзілетін иондардың формуласын жазыңыз.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.