Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ «Қазақ тілі» 8-сынып 1-тоқсан

ТЖБ «Қазақ тілі» 8-сынып 1-тоқсан

24 ноя 2023, 14:11
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 8 сынып
231
0

Қазақ тілі 8 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ «Қазақ тілі» 8-сынып 1-тоқсан

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография
Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1.Берілген дәйексөзге сүйеніп, мәтінде қозғалатын мәселеге болжам жасаңыз.
2.Жұбыңыздың дәйексөз бойынша жасаған болжамын тыңдап, түпнұсқамен салыстырыңыз.
Қандай тұстардың сәйкес келгендігіне дәлелдермен кері байланыс беріңіз.
[10]
1-мәтін
Дәйексөз:
Тарих толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму, ұлғаю, ірілену сияқты үдерістерді
бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес
халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады.
Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы
Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде
руникалық түркі жазба ескерткіштерін зерттеу болып табылады. Орталық Азиядағы алғашқы
ірі көшпелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Ғұн
тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде
сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың
түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі тілдес
тайпалық одақтарының бірігу үдерісі басталды.
Заманымыздың І мыңжылдығының басынан Еуразия даласында біртіндеп этникалық
өзгеріс орын алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпалардың
бас қосуын, өз алдына мемлекет құрып дамудың жаңа бір үдерісін бастан кешуін ерекше
айтуға болады.
Тарих толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму, ұлғаю, ірілену сияқты үдерістерді
бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес
халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады. Тілдің пайда болуы мен
қалыптасуындағы осындай үзіліссіз, динамикалық дамудың негізінде пайда болған қазақ тілі
де түркі ата тіліміздің негізгі бір бұтағын құрайды.
2-мәтін
Дәйексөз:
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени әрі әдеби
тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі
тектес халықтарға ортақ мұраға айналды.
Орталық Азияны және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VІ
ғасырдыңорташеніндеТүрікқағанатымемлекетінқұрғанытарихтанбелгілі.Осы
қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы,
тәуелсіздігі үшін жойқын соғыстарды басынан кешті. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін,
Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне
айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары ер
есімдерін өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазуымен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени әрі әдеби
тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі
тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркі даласының бар сырын бойына сіңірген
таңбалы тастар сан ғасырларды аттап, еш өзгерместен бүгінге жетіп отыр.


Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.