Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 2-тоқсан «Адам құқығы мен бостандығы»

БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 2-тоқсан «Адам құқығы мен бостандығы»

29 ноя 2023, 11:06
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 9 сынып
281
1

«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 9-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 2-тоқсан «Адам құқығы мен бостандығы»

«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарымқатынасын анықтауға арналған талқылау
сұрақтарын құрастыру
9.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген
мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты
талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп
жазу(аргументативті эссе);
9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
ажырата білу, түрлендіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар
құсрастырады
 Көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе
жазады
 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін ажыратып, түрлендіре қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Жұмыскердің құқығы: нені білу керек?
Заңда жұмыс берушінің де, жұмыскердің де құқығы анық айтылған.
Біріншіден, еңбек келісімшарты қолыңызда болуы керек.
Еңбек келісімшарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалған шарт. Екеуара
міндеттері мен құқықтарын айқындайды. Ол міндетті түрде жасалуы керек және бір данасы
қызметкердің қолында болуы тиіс. Бұл – екі тарап арасындағы келісімнің дәлелі. Жұмыс
беруші өз міндетін орындамаса, осы келісімшартты негізге ала отырып, әр тарап өз құқығын
қорғайды.
Еңбек шартына қол қоярда мынаны ескеріңіз.
Ең бірінші, келісімшартты мұқият оқып шығуыңыз керек. Түсініксіз болса, заңгердің
не өзге құқықтық сауаты бар адамның көмегіне жүгініп, еңбек шартын талқылаған жөн. ҚР
заңнамасы негізінде әр салаға байланысты белгіленген уақыт мерзімдері бар, вахталық
қызмет болса да, түнгі уақыт болса да, қосымша төленетін ақысынан бастап барлық шарты
заңнама аясында жазылуы керек.
Мысалы, түнде немесе негізгі жұмыс мезгілінен тыс қосымша істеген кезде және
демалыс, мейрамдарда төленетін үстемақы күндік табыстан бір жарым есе артық болуы
тиіс.
1. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысы бес сұрақ құрастырыңыз.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2. Ұсынылған жағдаят бойынша эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында оқылым мәтінінің
ақпаратын, себеп-салдар және қарсылықты салалас сөйлемдерді қолданыңыз.
 Адал еңбек қашан да ақталатын белгілі. Алайда өмірде жұмыс берушінің қызмет бабын
асыра сілтей пайдаланатын жағдайларын кездестіріп жүрміз. Қалай болғанда да нәпақа
табу сіз үшін керек. Қалай ойлайсыз, мұндай жағдайларға қарамастан адал еңбектің
береріне сену керек пе әлде өз құқығыңызды ашық қорғау қажет пе? Өз көзқарасыңызды 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Гость Гульнара
Гость Гульнара

Жиынтық бағалау өте керекті тапсырмалар 

Жиынтық бағалау үшін рахмет 

Жақсы құрылған

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.