Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ «Құқық негіздері» 9-сынып 1-тоқсан «Құқық түсінігі, адам»

БЖБ «Құқық негіздері» 9-сынып 1-тоқсан «Құқық түсінігі, адам»

29 ноя 2023, 11:16
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 9 сынып
23
0

«Құқық түсінігі, адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Құқық негіздері» 9-сынып 1-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ «Құқық негіздері» 9-сынып 1-тоқсан «Құқық түсінігі, адам»

«Құқық түсінігі, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, еңбек құқығы
түсінігі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай
әсер етеді?
Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың қандай
құқықтары мен міндеттері бар?
ҚР Конституциясының 24-ші бабы нені көздейді?
Оқу мақсаты 9.1.1.1 Әлеуметтік нормалар жүйесінде құқықтың ұғымы
мен ролін түсіндіру
9.2.1.2 ҚР Конституциясын талдау арқылы адамның және
азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары
мен міндеттерін анықтау
9.4.1.1 Еңбек құқығы ұғымын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
Әлеуметтік нормалар жүйесінде құқықтың ұғымы
мен ролін ажыратады
ҚР Конституциясын талдау арқылы адамның және
азаматтың конституциялық құқықтары,
бостандықтары мен міндеттерін анықтайды
Еңбек құқығының адам қызметінде алатын орнын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген мәтіндегі бос орынды төменде берілген қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Мораль және құқық: әрекет аялары. Моральдің құқықтан мәнділік айырмашылығы мынада:
мораль — жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық ______________
реттеледі. Құқық мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесін құрайды,
сондықтан ол ______________ ықпалымен, билік орындарының араласуымен жүзеге
асырылады. Бұлардың алдыңғысына адамдардың ыңғайсыз жағдайға түсіп, өз
______________ мойындауы адам санасында басты рөл атқарса, соңғысына жазалау, күштеу
(айып, абақты) түрінде қолданылатын ______________ ықпал етеді.
Қажетті сөздер:
1 2 3 4
заң мемлекеттің кінәсін пікірмен
2. Адам құқықтары мен бостандықтары мен міндеттерін төмендегі салаларға сай жіктеп,
кестені толтырыңыз.
a) өмір сүру
b) табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану
c) референдумдарға қатысу
d) қызмет пен кәсіп түрін таңдау еркіндігі
e) жеке басының қауіпсіздігі
f) мемлекеттік және жергілікті органдарын сайлау және сайлану




Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.