ТЖБ «Геометрия» 9-сынып 2-тоқсан
«Геометрия» 9-сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Геометрия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын9тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ «Геометрия» 9-сынып 2-тоқсан
«Геометрия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. А(-2;3) нүктесін параллель көшіргендегі бейнесі В(-3;5) нүктесі болса, онда дәл осы
параллель көшіру кезінде С(4;-3) нүкте бейнесінің координаталарын табыңыз.
A) (-3;-1);
B) (-3;1);
C) (3;-1);
D) (3;1).
[1]
2. m және n-нің қандай мәндерінде P(n; -2) және H(3; m) нүктелері С(0;1) нүктесіне
қарағанда симметриялы болады?
A) n = – 3, m= 4;
В) n = – 2, m = 3;
C) n = 2, m =–3;
D) n = 3, m = –4.
[1]
3. АВС үшбұрыш төбелерінің координаттары А(-2;4), В (3; -2) және С (-1; -3). Егер АВС
үшбұрышын параллель көшіргенде В нүктесі С нүктесіне көшсе, А нүктесі бейнесінің
координаталарын табыңыз.
A) (-6;-3);
B) (-6;3);
C) (6;-3);
D) (6;3).
[1]
4. Координаталық жазықтықта A, B және C фигуралары бейнеленген.
Cкaчaть документ