ТЖБ «Физика» 9 сынып 2-тоқсан
«Физика» 9 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын9тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ «Физика» 9 сынып 2-тоқсан
«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы
жүзеге асатын жылдамдық – ...
A) бірінші ғарыштық жылдамдық
B) екінші ғарыштық жылдамдық
C) үшінші ғарыштық жылдамдық
D) төртінші ғарыштық жылдамдық
[1]
2. Деформациялау түрлерінің дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.
A) бұрау, қию, созу, сығу, ығысу
B) иілу, созу, сығу, ығысу, бұрау
C) иілу, қағу, сызу, созу, бұрау
D) созу, сығу, жырту, ығысу, иілу
[1]
3. Ньютонның бірінші заңын тұжырымдап жазыңыз.
[1]
4. Суретте қол шананы сүйреп бара жатқан адам бейнеленген.
(a) Шанаға әсер етіп тұрған күштерді суретте бейнелеңіз.
[1]
(b) Шананың қозғалыс үдеуі 1,5 м/с2
. Шана мен баланың жалпы массасы 38 кг.
(і) Күш, масса және үдеуді байланыстыратын теңдеуді жазыңыз.
[1]
(іі) Шанаға әсер ететін күшті анықтаңыз.
[1]
(ііі) Неліктен шанаға әсер ететін күштен адамның тарту күші үлкенірек болуы
қажет екендігін сипаттап жазыңыз.
Cкaчaть документ