ТЖБ «Химия» 9-сынып 1-тоқсан
«Химия» 9 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын9тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ «Химия» 9-сынып 1-тоқсан
«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгісі
1. Төмендегі № 1 сурет бойынша дұрыс тұжырымды таңдаңыз:
№ 1 сурет
A. HCl және CH3COOH күшті электролиттер
B. HCl –әлсіз электролит, CH3COOH – күшті электролит
C. HCl – күшті электролит, CH3COOH – әлсіз электролит
D. HCl және CH3COOH әлсіз электролиттер
[1]
2. Белгісіз Х2+ катион ерітіндісіне NaOН ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосқанда көк түсті тұнба
түзілді. Х2+ катионын көрсетіңіз.
A. Ba2+(ер)
B. Ca2+(ер)
C. Cu2+(ер)
D. Fe2+(ер)
[1]
3. Калий хлоридінің (KCl) судағы ерітіндісі электр тоғын өткізе алады. Калий хлоридінің
судағы диссоциациялану механизмін сызып көрсетіңіз.
[2]
4. Тұздар – метал катионы және қышқыл қалдығы анионынан тұратын күрделі заттар.
а) Ас содасы (NaHCO3) суда ерігенде қандай иондарға ыдырайды? Диссоцияциялану
теңдеуін жазыңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
[2]
Cкaчaть документ