Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 10-сынып Алгебра, 2-тоқсан ЖМБ «Ықтималдық»

БЖБ 10-сынып Алгебра, 2-тоқсан ЖМБ «Ықтималдық»

14 дек 2023, 15:42
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
356
0

«Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Алгебра 10-сынып 2-тоқсан (жаратылыстану-математика бағыты)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

БЖБ 10-сынып Алгебра, 2-тоқсан ЖМБ «Ықтималдық»

«Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың
ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер
үшін Ньютон биномы
Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту
ережелері
Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы
Оқу мақсаты 10.3.1.2 Қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар
және терулерді есептеу үшін формулаларды
қолдану
10.3.1.3 Қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және
терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану
10.3.1.4 Комбинаторика формулаларын қолданып,
ықтималдықтарды табуға есептер шығару
10.3.2.3 Ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және
қолдану
* P(A + B) = P(A) + P(B)
* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B)
10.3.2.4 Ықтималдықтарды көбейту ережелерін
түсіну және қолдану
* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)
 *P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A)
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Қайталанбайтын теру формуласын қолданады
 Қайталанбалы алмастыру формуласын қолданады
 Комбинаторика формуласын қолданып,
ықтималдықты табады
 Ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Компанияда тоғыз жұмысшы бар. Олардың үшеуі ер адамдар, алтауы әйелдер. Осы
тоғыз адамның ішінен жиналысқа қатысу үшін төрт адамнан тұратын топ таңдалады.
а) Төрт адамнан тұратын топты таңдаудың әртүрлі қанша тәсілдері болады?
b) Жиналысқа қатысатын топта тура екі әйел адам болуының ықтималдығын есептеңіз
2.
а) АСТАНА сөзіндегі әріптердің әртүрлі алмастырулар санын табыңыз.
b) Үш «А» әрпі бір-бірінің қасында тұратындай, АСТАНА сөзіндегі әріптердің
әртүрлі алмастырулар санын табыңыз.
3. Оқушы емтиханды үш ретке дейін тапсыра алады. Емтиханды сәтті тапсырған оқуш



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.