Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 10-сынып Физика, 2-тоқсан «Молекулалық- кинетикалық теория негiздер»

БЖБ 10-сынып Физика, 2-тоқсан «Молекулалық- кинетикалық теория негiздер»

14 дек 2023, 17:25
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
66
0

«Молекулалық- кинетикалық теория негiздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 10-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 10-сынып Физика, 2-тоқсан «Молекулалық- кинетикалық теория негiздер»

«Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.2.1.1 Температура мен молекулалардың ілгерілемелі
қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының
байланысын сипаттау
10.2.1.2 Идеал газ моделін сипаттау
10.2.1.3 Молекулалық кинетикалық теорияның негізгі
теңдеуін есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Идеал газға анықтама береді
 МКТ негізгі теңдеуін түрлендіреді
 Газ молекулаларының жылдамдығының
температурамен байланысын қолданады
 Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының
температураға тәуелділігін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Идеал газ ұғымына сипаттама беріңіз.
2. Идеал газдың қысымы мына өрнекпен беріледі: 𝑝 =
1
3
𝜌 < 𝑐
2 >, мұндағы ρ газдың
тығыздығы.
(a) ˂ с
2 > таңбасының нені білдіретінін түсіндіріңіз.
(b) Идеал газ қысымының өрнегін пайдаланып, газ молекулаларының орташа
кинетикалық энергиясы төмендегідей формуламен өрнектелетінін қорытып
шығарыңыз.
< 𝐸𝑘 >=
3
2
𝑘𝑇
Өз жұмысыңызды толық көрсетіңіз және қолданылған физикалық шамаларға түсініктеме
беріңіз.
3. Идеал газдың 2,0·105 Па қысымдағы тығыздығы 2,4 кг/м
3және температурасы 300 К.
a) Газ атомдарының 300 К температурадағы орташа квадраттық жылдамдығын
анықтаңыз.
b) Осы газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы (i) бөлімінде
есептелген мәннен екі еселенетін температураны анықтаңыз.
4. Жердің гравитациялық өрісінің әсерін жеңіп, ұшып кетуі үшін гелий атомдары Жер
атмосферасының ең жоғарғы қабатында шамамен 1,1 ∙ 104 м/с жылдамдыққа ие болуы
керек.
a) Осы атмосфераның жоғарғы қабатындағы температураның мәнін бағалаңыз.
Гелий атомының массасы 6,6 ∙ 10−27
кг.
Неліктен гелий атомдары (b) бөлімінде есептелген температурада Жердің тартылыс күшін
жеңіп, ұшып кете алатындығын түсіндіріңіз



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.