Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 1-тоқсан(ЖМБ)

ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 1-тоқсан(ЖМБ)

17 дек 2023, 16:32
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
123
0

«Қазақ әдебиеті» 10 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10 сынып

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.


ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 1-тоқсан(ЖМБ)

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. «Сегіз аяқ» өлеңі лириканың қай түріне жатады?
А) Азаматтық лирика
В) Махаббат лирикасы
С) Саяси-әлеуметтік лирика
D) Табиғат лирикасы
[1]
2. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде ақын нені сынға алды?
А) Ел билеушілердің, патшаның болыстық, билік тәртібін
В) Елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі – қазақ әйелдерінің жайын
С) Өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды
D) Бай мен кедейдің арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін
[1]
3. «...Жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын –
мен...» - Абайдың қай қарасөзінен үзінді және бұл сөз кімге тиесілі?
А) 32-қарасөзі, талапқа қатысты
В) 17-қарасөзі, жүрекке тиесілі
С) 19-қарасөзі, хакімнің сөзі
D) 28-қарасөзі, жақсылықпен байланысты
[1]
4. «Масғұт» поэмасының идеясына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз?
А) Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
В) Бай мақтанса табылар,
Кедей мақтанса шабылар.
С) Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
D) Жақсы әйел – жігітке біткен бақ
[1]
5. 32-қарасөзіндегі көтерілген мәселелердің ішіндегі сәйкес емес (айтылмаған) ақпаратты
анықтаңыз.
А) Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады.
В) Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
С) Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай
алмайды.
D) Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек
қолға түседі.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.