ТЖБ 10-сынып Физика 1-тоқсан (ЖМБ)
«Физика» 10 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ 10-сынып Физика 1-тоқсан (ЖМБ)
«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Контейнерге толтырылған судың биіктігі 15 м.
Төменнен 10 м биікте орналасқан түтікше суретте
көрсетілгендей ашылады. Су түтікшеден қандай
жылдамдықпен ағып шығады? (g = 9,8 м/с2
)
A. 9,9 м/с
B. 14,1 м/с
C. 15,0 м/с
D. 17,3 м/с
[1]
2. Тыныштықта тұрған доп вертикаль төмен құлайды. 1 с-тан соң горизонталь жазықтықтан
серпіледі және қайтадан жоғары көтерілгенше бастапқы мезеттен 1,5 с уақыт өтеді.
(a) Графикті пайдаланып, доп жылдамдығының өзгерісін сипаттаңыз.
[1]
(b) Доп бастапқы орнымен салыстырғанда 1,5 с ішінде қандай орын ауыстыру
жасағанын есептеңіз.
[2]
3. Ұзындығы L= 3 м біртекті сырықтың бір ұшынан d=1 м қашықтықта тірек қойылған.
Осы шетінен салмағы W=25 Н жүк ілінгенде сырық тепе-теңдікте болады.
(a) Сырықтың тепе-теңдік шартын жазыңыз.
[1]
(b) Сырықтың массасын анықтаңыз.
[2]
4. Биік төбеден горизонталь бағытта 8,2 м/с жылдамдықпен лақтырылған доптың
траекториясы суретте берілген (ауа кедергісі ескерілмеген).
(a) Доп жылдамдығы Р нүктесінде горизонтпен 60º бұрыш жасайды. Осы кезде оның
жылдамдығы қандай болады?
Cкaчaть документ