Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 11-сынып География, 1-тоқсан (ЖМБ) «Географиялық зерттеу әдістері»

БЖБ 11-сынып География, 1-тоқсан (ЖМБ) «Географиялық зерттеу әдістері»

17 дек 2023, 17:57
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 11 сынып
37
0

«Географиялық зерттеу әдістері»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 11-сынып 1-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)

 
Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 11-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ 11-сынып География, 1-тоқсан (ЖМБ) «Географиялық зерттеу әдістері»

«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Өзекті географиялық зерттеулер әдістері
Оқу мақсаттары 11.1.1.1
11.1.1.3
зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық
сараптама әдістерін қолдану
зерттеу тақырыбына сәйкес модельдеу әдістерін
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Географиялық зерттеуде сараптама әдістерін қолданады
Географиялық зерттеуде модельдеу әдістерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25минут
Тапсырма 26
1.Мәтінді оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз
Йеллоустоун жанартауы
Йеллоустоун —әлемдегі ең ірі супервулкандардың бірі. Ол өзінің гейзерлерімен
танымал АҚШ-тың аттас ұлттық паркінде орналасқан. Соңғы 2 млн жыл ішінде бірнеше
қуатты атқылаулар болды, сондықтан Йеллоустоун сөнген деп саналады. 1960-шы және
1970 — ші жылдары АҚШ — тың Геологиялық қызметтегі ғалым Роберт Кристиансеннің
зерттеуі бойынша супервулканның цирктік кальдерасының мөлшері шамамен 55 және 72 км
екенін көрсетті, осылайша ол парк аумағының үштен бір бөлігін алады. Йеллоустон
мантияның ыстық балқытылған бетіне қарай орналасқан. Қазір ғалымдар Йеллоустоун
жанартауының жақын арада оянуы мүмкін екенін пайымдайды.
(a) Жанартауларлардың әлем бойынша таралуында қандай заңдылық бар?
(b) Жанартаулардың адамдарға қандай әсері бар?
(c) Йеллоустоун жанартауының болашағына болжам жасаңыз.
2. Жанартаудың модельдеу әдісі бойынша моделін жасаңыз.




Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.