Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » Әдебиеттік оқу 4-сынып 3-тоқсан БЖБ «Табиғат құбылыстары»

Әдебиеттік оқу 4-сынып 3-тоқсан БЖБ «Табиғат құбылыстары»

17 фев 2024, 19:46
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 4 сынып
58
0

«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы жиынтық бағалау

«Әдебиеттік оқу» 4-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдебиеттік оқу 4-сынып 3-тоқсан БЖБ «Табиғат құбылыстары»

«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір
тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын
анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру
4.1.2.1** Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І
немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып,
оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы
қысқаша/ толық/ ішінара мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнына/оқиғаның себеп-салдарына
қатысты сұрақтар қояды және жауап береді
• Мәтіннің мазмұнын өрбітіп, І жақта баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Сұрақтарға жауап бер:
1) Мейрамбек аспандағы бұлттарды нелерге ұқсатты?
2) Бұл көктем Мейрамбектің есінде неліктен ұзақ сақталады деп ойлайсың?
3) Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей бір сұрақ құрастырып
жаз.
______________________________________________________________________
2-тапсырма
Мейрамбектің бұлттарға қарап, ойланған тұсын есіңе түсір. Өзіңді Мейрамбектің
орнына қойып көр. Сол сәтте сен бұлттар туралы не айтар едің? Бұлттармен серуендеу
туралы ше? Мейрамбектің ойын жалғастырып, мәтінді басқа ойлармен/оқиғалармен
толықтырып айт.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.