БЖБ Жаратылыстану 4-сынып 3-тоқсан «Табиғат физикасы»
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жаратылыстану» 4-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Жаратылыстану 4-сынып 3-тоқсан «Табиғат физикасы»
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 5.2 Жарық
5.4 Жылу
Оқу мақсаты 4.5.2.2 Жарықтың шағылуы, жұтылуы сияқты қасиеттерін
зерттеу және түсіндіру
4.5.4.1 Түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жарықты шағылдыратын және жұтатын денелерді
анықтап, түсіндіреді
• Әртүрлі материалдардың жылуөткізгіштік қасиетін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Қай заттар жарықты жұтады, қай заттар жарықты шағылдырады?
Неліктен? Сөйлемдерді толықтыр.
ақ түсті картон қара түсті мата айна
1) Ақ түсті картон жарықты __________________________________________, себебі
____________________________________________________________________
2) Қара түсті мата жарықты __________________________________________, себебі
____________________________________________________________________
3) Айна жарықты ___________________________________________________, себебі
___________________________________________________________________
Cкaчaть документ