БЖБ Биология, 9-сынып 3-тоқсан «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары»
«Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 9-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 9-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ Биология, 9-сынып 3-тоқсан «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары»
9.3D «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» және 9.3E
«Микробиология және биотехнология» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 9.2.4.2 Моногибридті будандастырудың цитологиялық
негіздерін дәлелдеу және есептер шығару
9.2.4.8 Адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан
топтарын анықтау механизмін түсіндіру
9.2.4.7 Жынысты анықтау кезінде хромосомалардың рөлін
түсіндіретін сызба жасау
9.2.4.10 Шежіре сызбасын құру
9.4.3.1 Инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық
үдерістің жалпы сызбасын сипаттау
9.4.3.2 Биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Моногибридті будандастырудың цитологиялық
негіздерін дәлелдейді және есептейді
Адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан
топтарын анықтау механизмін түсіндіреді
Шежіре сызбасын сызады
Жынысты анықтау кезінде хромосомалардың рөлін
түсіндіретін сызба сызады
Инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық
үдерістің жалпы сызбасын түсіндіреді
Биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал
келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төменде гомозиготалы қара мен ақ тышқандарды будандастыру сызбасы берілген.
Алынған бірінші ұрпақтың бәрі қара түсті және генотипі Bb.
Бірінші ұрпақты өзара будандастырған сызба төменде берілген.
Cкaчaть документ