БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 3-тоқсан «Биотехнология және гендік инженерия келешегі»
«Биотехнология және гендік инженерия келешегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 9-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 3-тоқсан «Биотехнология және гендік инженерия келешегі»
«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген
мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер
үшін күрделі жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады
Мәтінге күрделі жоспар құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз.
А мәтіні
«Биотехнология» деген түсінікті бірінші рет 1917 жылы Венгрия инженері Карл Эреки
қолданған. К.Эрекидің айтуынша: «Биотехнология – ол тірі жандардың көмегімен
өткізілетін жұмыстар».
Биотехнология дамуын қарастырғанда келесі заңдылықты байқап өтуге болады: ХХ
ғасырдың 60 жылдарына дейін көбінесе көбею саласында зерттеулер өткізілген. 60
жылдардың соңында және 70 жылдардың басында биотехнология өз зерттеулерін
жасушалардың технологияларының саласында қадағалап өткізеді. Олар келесі зерттеулер:
экстракорпоралдық ұрықтандыру, өсіру, гаметалармен жасушаларды төмен
температураларда ұзақ уақыт сақтау.
Ал 1973 жылдан бастап биотехнология молекулярлық зерттемелерге қатысады.
Биотехнология саласының мақсаты – коммерциялық өнімді дамыту. Сондықтан
биотехнологияның негізінде экономика жатыр. Экономика жағдайлары жоғары
мемлекеттерде биотехнология дамуы да өте жақсы деңгейде.
Ә мәтіні
Соңғы 10 жыл ішінде еліміз экономиканы индустрияландыруды ғана емес, ақыл-ойға
жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алды. Содан бері көптеген жұмыстар атқарылып,
алғашқы нәтижелер көп күттірмей қолға да тие бастады. Сондай ғылым салаларының бірі –
биотехнология.
Биотехнология кез келген өнімді жасап шығаруда немесе технологиялық өндірісте
сапалы әрі таза өнім алу үшін тірі ағзаны қолдану үдерісі дегенді білдіреді. Мысалы, оған
сүттің ашуын, қышқыл сүтті өнімдердің алынуын жатқызуға болады. Адамдар осыған дейін
бұл үдерістердің принципін түсінбестен қолданып келген. Қазіргі таңда биотехнология
мағынасы, әрине, оларға қарағанда әлдеқайда күрделірек. Өміріміздің сан-алуан
бағыттарында көрініс табуда. Заманауи әлем мен дамыған экономикада бұл ұғым таза
экологиялық өнімді өндіруде табиғатты ластамайтын жолдармен алу әдістері, ауыл
шаруашылығы және түрлі өндірістік үдерісте өнімді алу барысында оған химияны емес,
табиғатта кездесетін табиғи өнімдерді қолданудың синонимі десек те болады.
Биотехнология – жарқын болашаққа бастар баспалдақ.
Cкaчaть документ