БЖБ 10-сынып Химия 3-тоқсан ҚГБ «Маңызды d-элементтер»
«Маңызды d-элементтер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Химия» 10-сынып 3-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
БЖБ 10-сынып Химия 3-тоқсан ҚГБ «Маңызды d-элементтер»
10.3С «Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.1.24 Атом құрылысы негізінде d-элементтердің
периодтық жүйедегі орнын түсіндіру
10.2.1.29 Fe2+, Fе3+ иондарын тани білу
10.2.1.30 Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ)
гидроксидтерін тәжірибе жүзінде ала білу және
олардың қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін
зерделеу
10.2.3.7 Коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін
білу және оның конструкцияларының пайдалану
ұзақтығына кері әсерін түсіндіру
10.2.2.2 Металдар қатысуымен жүретін химиялық
реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы
бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен
салыстырғандағы практикалық шығымның
массалық үлесі) есептер шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
Атом құрылысы негізінде d-элементтердің
периодтық жүйедегі орнын түсіндіреді
Fe2+, Fе3+ иондарын сапалық реакция арқылы
анықтайды
Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ)
гидроксидтерін түстерін көрсетеді және олардың
қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін болжайды
Коррозия түрлерін жіктейді және оның
конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері
әсерін сипаттайды
Металдар қатысуымен жүретін химиялық
реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы
бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен
салыстырғандағы практикалық шығымның
массалық үлесі) есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. (a) Элементтердің электрондық конфигурациясын оқи отырып, бірдей қасиетке ие
бір жұпты таңдаңыз:
a.1s2
2s2
2p6
3s2
b.1s2
2s2
2p3
c.1s2
2s2
2p6
3s2
3p6
4s2
3d8
d.1s2
2s2
2p6
3s2
3p3
4s2
3d6
(b) Таңдаған жұбыңыздың неліктен бірдей қасиетке ие екендігін периодтық
кестедегі орны бойынша түсіндіріңіз.
Cкaчaть документ