БЖБ 11-сынып Дүниежүзі тарихы, 3-тоқсан ЖМБ «Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы»
«Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниежүзі тарихы» 11-сынып 3-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 11-сынып Дүниежүзі тарихы, 3-тоқсан ЖМБ «Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы»
«Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы
Н. Манделла –апартеидке қарсы күресуші
Франклин Делано Рузвельт және оның «жаңа бағыты»
Оқу мақсаты 11.3.2.4 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін
«нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолдану;
11.3.2.6 Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи
оқиғаларды түсіндіру үшін «апартеид» ұғымын қолдану
11.3.3.4 Бейбіт және соғыс кезеңіндегі Ф. Рузвельттің ішкі
және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
«Нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын
қолданып, АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды
түсіндіреді
«Апартеид» ұғымын қолданып, Оңтүстік Африка
Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіреді
Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының
ерекшеліктерін көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Өз біліміңізді және иллюстрацияларды пайдалана отырып, пирамидадағы сұрақтарға
«нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолданып жауап беріңіз.
Не туралы оқиға?
Оқиғаның ерекшелігі
Орны және уақыты
Басты оқиғалар
Басты кейіпкерлер
Қорытынды ойыңыз
Cкaчaть документ