Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ Қазақ әдебиеті 5-сынып 4-тоқсан

ТЖБ Қазақ әдебиеті 5-сынып 4-тоқсан

18 мар 2024, 19:53
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 5 сынып
74
0

3-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ әдебиеті» 5 сынып

«Қазақ әдебиеті»  5 сынып 4-тоқсан

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. «Қазақ әдебиеті» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады:
Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ әдебиеті 5-сынып 4-тоқсан

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі Есмағамбеттің бала алдында өзін кінәлі сезіну
себебін анықтаңыз.
А.балаға шындықты айта алмауынан
В. балаға қамқор бола алмауынан
С.балаға дұрыс тәрбие бере алмауынан
Д. балаға берген уәдесін орындамауынан
[1]
2.Шығарманың «Мексика ұлы» деп аталу себебін табыңыз.
А. ақша үшін, ақшаға негізделген жеңіл өмірі үшін
В. өмірге құштарлығы, ерлік пен адамгершілігі үшін
С. қайтпас-қайсарлығын танытқаны, шеберлігі үшін
Д. елінің аянышты тұрмысы, аяққа тапталған ар-намысы үшін
[1]
3.«Үстіне су жаңа ақ футболка киген төрт жасар шамасындағы ер бала арнайы тіреу
ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы көлеңкесінің бір шетінде құммен
ойнап отыр екен. Қолында ойыншық күрек... ойыншық шелек...»үзіндіден кейіпкер бейнесін
анықтаңыз.
А. Балмағамбет
В. Есмағамбет
С. Сағынай
Д. Сержан
[1]
4. « Мексика ұлы» әңгімесіндегі Ривераның рингтегі басты қарсыласын табыңыз.
А. Дэнни
В. Келли
С. Роберт
Д. Росалью
[1]
5.«Өз ұлының төрі болғандықтан ба, шешей қала адамдарының ортасында, салтанатты
дастарқанның басында еш қысылып-қымтырылатын емес. Жарықтық біздің әжелеріміз бұ
кісінің қасында дүниеден түк қызық көрмей, бос өткен екен ғой әншейін...»осы үзіндіден
кейіпкердің қандай сезімде болғанын анықтаңыз.
А. күйзелісін
В. қорқуын
С. қуанышын
Д. таңырқауын
[1]
6. «Нағыз әже» әңгімесіндегі «современный» әженің келбетін автор қалай сипаттайды?
Ойыңызды 2-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
7.Жазушы Ривера бейнесі арқылы оқырманға қандай ой тастайды?Өз көзқарасыңызды 2-4
сөйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
8. Азат неліктен кішкентай қыздарына «әжені» көрсетуге уәде етті?Өз көзқарасыңызды 2-4
сөйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
22


Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.