Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Математика 4-сынып 4-тоқсан «Есептер»

БЖБ Математика 4-сынып 4-тоқсан «Есептер»

18 мар 2024, 20:19
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 4 сынып
26
0

«Есептер», ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Математика» 4-сынып 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелікұсыныстардабөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. 

БЖБ Математика 4-сынып 4-тоқсан«Есептер»

«Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.8**Барлық арифметикалық амалдарға берілген құрама
есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер 
түрінде модельдеу
4.5.1.4** Шамалар арасындағы тәуелділікке/ пропорционал
бөлуге берілген есептерді талдау және шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• Құрама есептерді теңдеу құру арқылы шығарады
• Пропорционал бөлуге берілген есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Есепті теңдеу құру арқылы шығар.
Қоймада 912 ц көгөніс бар еді. Бірдей мөлшердегі 9 мәшинемен бірнеше центнер 
көгөністі алып кеткеннен кейін, қоймада 552 ц көгөніс қалды. Әр мәшинеге қанша центнер 
көгөніс тиелді? 
2-тапсырма
Есепті шығар.
Сыныпқа арнап бірдей қораптарға салынған 252 қарындаш және 168 фломастер 
сатып алынды. Барлығы 70 қорап зат әкелінді. Сыныпқа неше қорап қарындаш және неше 
қорап фломастер әкелінді? 
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор
Білім алушы
Балл
Құрама есептерді теңдеу 
құру арқылы шығарады
1
есептің шартына сәйкес теңдеу құрады; 1
белгісіз қосылғышты/азайтқышты табу жолын 
өрнектейді; 
1
азайтуды орындайды; 1
белгісіз көбейткішті табу жолын өрнектейді; 1
теңдеудің түбірін анықтайды; 1
теңдеудің түбірін тексереді. 1
Пропорционал бөлуге 
берілген есептерді 
шығарады
2
есептің қысқаша шартын құрады/сызбасын 
сызады; 
1
заттардың жалпы санын анықтайды; 1
бір қораптағы заттың санын анықтайды; 1
қарындаш салынған қораптардың санын 
анықтайды;
1
фломастер салынған қораптардың санын 
анықтайды;
1
есептің жауабын жазады. 1
Барлығы 1



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.