Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ Қазақ әдебиеті 7 сынып 4-тоқсан

ТЖБ Қазақ әдебиеті 7 сынып 4-тоқсан

21 мар 2024, 18:40
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 7 сынып
118
0

«Қазақ әдебиеті» 7 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.


ТЖБ Қазақ әдебиеті 7 сынып 4-тоқсан

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасы арқылы қандай идеяны негіздейді?
А) Махамбеттей батырға
Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?!
В) Кім аяққа басса заңын даланың-
Ұмытқаны қатал тарих сабағын...
С) Туған елім –арман, мұңым,
Енді сені жетелейді жол қалай?..
Д) Мен сенемін, күні ертең
Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем...
[1]
2. «Қонақтар» шығармасындағы басты көтерілген мәселе қандай?
А) ұлттық тілді құрмет тұту 
В) дұрыс армандай білу қажет
С) ата-ана сағынышы мен арманы
Д) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы 
[1]
3. А. С. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде неге сенім білдіреді?
А) халқының сүйікті ұлы болатынына 
В) өлеңі арқылы есімінің өшпейтіндігіне
С) келешекте алып ескерткіш орнататынына 
Д) орнатқан ескерткішінің Александр мұнарасынан биік болатынына
[1]
4. –Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін 
айтып отырмын ғой. Әйтпесе... Берілген сөз тізбектері арқылы автор қандай мәселені алға 
тартып отыр?
А) балаға дұрыс білім беру
В) туған тілді құрметтемеу
С) туған баласына көңіл бөлмеу
Д) өзге тілді меңгеру қажеттігі
[1]
5. М. Темірбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің негізгі идеясы қандай?
А) Елді бірлікке шақыру, тұтастыққа шақыру.
В) Жастар - тәуелсіз елдің ертеңі, ұлт болашағы.
С) Тәуелсіздік - төккен қан мен асқақ арман жемісі.
Д) Тәуелсіздік туының астына біріккен халықтың асқақ арманы.
[1]
6.  Т. Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасындағы Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілі 
толмады? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]

7. «...Батырлығы жоқ адамнан
Үлкен ақын шыққан емес ешқашан...» Келтірілген өлең жолдары арқылы Махамбет ақынға 
мінездеме беріңіз. Оған Махамбеттің іс-әрекеті арқылы дәлелдеме келтіріңіз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]
8.  Неліктен Т. Әбдіков шығармасы «Қонақтар» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз 
көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4  сөйлем). 
__________________________________________________________________
[2]
9. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде өз шығармасының кейін басқа тілдерде тарайтынына 
кәміл сенген. Оған қырағы ақынның қай сөздері мысал бола алады? Ойыңызды шығармадан



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.