БЖБ География 7-сынып 4-тоқсан «Елтану және саяси география негіздері»
«Елтану және саяси география негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«География» 7-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ География 7-сынып 4-тоқсан «Елтану және саяси география негіздері»
«Елтану және саяси география негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ТақырыпДүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы
Елдердің экономикалық -географиялық жағдайы
Оқу мақсаттары
Бағалау критерийі
7.6.1.2. Қазақстандық компонентті қосымша қамти отырып, елдердің географиялық орнын жоспар бойынша сипаттайды
7.6.1.5 Қазақстандық компонентті қосымша қамти отырып, елдердің географиялық, экономикалық-географиялық жағдайына баға береді
Білім алушы
• Елдердің географиялық орнына сипаттама береді (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
•Елдердің географиялық,экономикалық-географиялық жағдайына баға бере отырып, қорытынды жасайды (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
Ойлау дағдыларының деңгейіҚолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Физикалық және климаттық карталарды қолданып, Қазақстанның географиялық орнына сипаттама беріңіз.
-Территориясының аумағы _____________, әлемде _______ орын алады.
-_________________құрылығында орналасқан.
-Географиялық орны (түрі) ____________________________________
-Қазақстан жерінің шеткі нүктелері ________с. е. және ______ш.б аралығында орналасқан.
-Солтүстік пен оңтүстіктің арақашықтығы ___________ км.
- Батыс пен шығыстың арақашықтығы ___________ км.
-Қазақстан батысында - _______________төменгі ағысынан, шығысында _____________тауларының етегіне дейін, солтүстіктегі - ______________________жазығынан, оңтүстіктегі ________________ шөлі мен ____________________тау жүйесіне дейін созылып жатыр.
-__________________________климаттық белдеуде орналасқан.
a.2. Қазақстанның экономикалық -географиялық жағдайына, картаны қолдана отырып сипаттама беріңіз.
а. Қазақстанның көршілес 5 елін анықтаңыз.
_______________________________________________________________________
________________________________________________________________________
b. Кестені толтырыңы
ЖағдайларҚолайлыҚолайсыз
әлемнің ірі экономикалық орталықтарына қатысты
халықаралық көлік жолдарына қатысты
теңізге (мұхитқа) шығу жолдарына қатысты
с. Қазақстанның экономикалық -географиялық жағдайына қорытынды жасаңыз.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
d.Өз таңдауыңыз бойынша, Қазақстанның қолайсыз экономикалық жағдайының біреуін алып, оны болашақта қалай өзгертуге болатындығына қатысты ұсыныс жазыңыз.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Cкaчaть документ
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя