Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 4-тоқсан «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік»

БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 4-тоқсан «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік»

26 мар 2024, 16:48
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 9 сынып
169
0

«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 9-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 4-тоқсан «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік»

«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми 
тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең 
көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты 
аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін 
талдау
9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын 
білу, қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты
аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың 
қызметін түсіндіреді 
 Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл 
қасиеттерінің бірі екенін тарихтан белгілі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой, арғы-бергі 
заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, елшілер қазақ ұлтының меймандос, 
сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын ел екенін сүйсіне жазған. 
Тәуелсіздікке қол жеткен тұста да елбасымыздың және елдің бетке ұстар азаматтарының 
қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағы да бір дәлелдеп, оны 
әлемге паш ете білдік. Мәселен, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей ядролық 
полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. 
Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген 
болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі 
осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. Дәл сол тұстан бастап 
әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел екенін тани бастады.
ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық. Бейбітшілік пен келісімсіз әлемнің құрдымға 
кетуін, табиғат анамыздың экологиялық проблемаларға ұшырау мүмкіндігін біздің еліміз 
бен елбасымыз өте жақсы біледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жалпы әлемдегі 
мемлекеттердің мемлекет болып қалу кепілдігі «бейбітшілік пен келісімде» жатқанын тілге 
тиек етеді. Біз әлемге осылайша нұрымызды шаша береміз!
1. Мәтіннің мақсаты қандай? Кімдерге арналып жазылған?
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2. Кестені толтырыңыз. 
Көркемдегіш құралдар Мәтіннен мысал Қолданылу мақсаты
Эпитет 
Метафора 
Метонимия 
3. «Татулық әлемді құтқарады» деген ойды дамытып айтуда аралас құрмалас сөйлемдерді
қолданыңыз.




Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.