Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Информатика 9-сынып 4-тоқсан «Python (пайтон) программалау тілінде 2D ойынын құру»

БЖБ Информатика 9-сынып 4-тоқсан «Python (пайтон) программалау тілінде 2D ойынын құру»

26 мар 2024, 17:12
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 9 сынып
133
0

«Python (пайтон) программалау тілінде 2D ойынын құру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 9-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ Информатика 9-сынып 4-тоқсан «Python (пайтон) программалау тілінде 2D ойынын құру»

«Python (пайтон) программалау тілінде 2D ойынын құру» бөлімі бойынша жиынтық 
бағалау
Оқу мақсаты 9.3.3.9 Дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу
9.3.3.5 Ойынның артқы фонын құру
9.3.3.6 Ойынға арналған дайын кейіпкерлер жүктеу
9.3.3.7 Кейіпкер қозғалысын программалау
9.3.3.8 Пернетақтадан кейпкерді басқару
Бағалау критериі Білім алушы
• Сценарий бойынша ойын құрастырады
• Ойынның артқы фонын құрастырады
• Ойынға арналған кейіпкерлерді жүктейді
• Пернетақта арқылы кейіпкерлерді басқарады
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 40 мин
Практикалық жұмыс
1. Ойын сценарийін ойластырыңыз.
2. 2 D ойынды құрастырыңыз.
3. Ойында фон мен спрайттарды пайдаланыңыз.
4. Ойында пернетақта кейіпкерлерін басқару мүмкіндігін жасаңыз.
5. Ойын нәтижесін есептейтін программалық кодты программаға қосыңыз.
6. Ойынды тестілеуден өткізіңіз.
Мұғалім үшін ұсыныстар: бөлім бойынша жиынтық бағалауды екі кезеңге бөліп өткізуге 
болады.
1 кезең - оқушылардан ойын сценарийінің жоспарын, фон мен кейіпкерлерді дайындауды 
сұраңыз.
2 кезең - оқушылардан ойын үшін программалық кодты жасауды сұраңыз.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.