Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 4-тоқсан ЖМБ «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма»

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 4-тоқсан ЖМБ «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма»

27 мар 2024, 18:39
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
99
0

«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 10-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 4-тоқсан ЖМБ «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма»

«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.3.1 Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, 
очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық 
ерекшеліктерін талдау
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша 
түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын 
меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, 
очерктің құрылымы мен рәсімделуі мен жанрлық 
ерекшеліктерін анықтайды
 Оқылым материалы бойынша негізгі ақпаратты 
іріктеп, конспект жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Астана – сәулет өнерінің жаңа тынысы
1997 жылдың желтоқсанында астанасы көшіру тәуелсіз Қазақстанның жай ғана саяси 
акті емес, сонымен қатар қала сәулетінің дамуындағы кезекті айналым болды. 
2018 жыл – астананың 20 жылдық мерейтойымен барлық қазақстандықтар үшін 
айтулы. NDH интернет-порталы қаламыздың қалай өскенін, сәулетінің қалай өзгергендігін, 
тұрғындарының қалай өзгергендігін көрсетуді шешті.
Шынына келгенде, 90 жылдардың ортасында Ақмола шағын ғана, тыныш 
провинциалды қала болғанын мойындау керек. Монументалды құрылыстардың қатарына 
қаланың Орталық алаңын көріктендіріп тұрған Ленин ескерткішін, оның жанындағы 
саябақта Кеңес үкіметін құру жолында қаза болған большевиктерге арналған стеланы және 
қаланың кіре берісінде қонақтарды қарсы алып тұрған «К-700» айтуға болады. Бұл Ақмола 
үшін жеткілікті болғанымен, сұлулықты талап ететін болашақ астана үшін жеткіліксіз еді.
20 жыл бұрын әлемнің үздік сәулетшілері өздерінің шығармашылық қиялдарын іске 
асыруға мүмкіндік алу үшін тартысқа түсті. Отандық сәулетшілердің қолынан бірқатар 
бірегей туындылар шықты. Солардың бірі – Владимир Александрович Лаптев. 
Владимир Лаптев – Целиноград ауылшаруашылық институтының түлегі, Целиноград 
қаласының бас сәулетшісі, 1995-2000 жылдары Астананың бас сәулетшісі лауазымын 
атқарды. Ол Астанадағы Қаржы министрлігі, қалалық әкімдік, «Қазақстан» спорт сарайы, 
«Солтүстік тәжі» ТК, «Арман» ТК, коньки тебу стадионы және тағы басқа белгілі ғимарат 
жобаларының авторы. Әңгімелегеннен сурет салуды оңай көретін адамдар бар. Бұлар –
сәулетшілер, олар туралы дәл осылай айтады. Белгілі сәулетші В.Лаптев солардың 
қатарынан. Астана туралы Владимир Лаптев былайша еске алады: 
– Біздің буынның Астана салу сияқты ауқымды жобаға қатысу жағынан жолы болды. 
Бұл үшін мен тағдырыма, мамандығыма, ең бастысы бәріміз үшін маңызды шешім 
қабылдаған Мемлекет басшысына ризамын. Астананы көшіргеннен кейін 20 жыл өткен соң, 
біз, сәулетшілер, мақтан тұтуға лайықты осы жылдары салынған ғимараттар емес, қала 
тұрғындарының, ел халқының көңіл-күйі қаламыздың негізгі жетістігі деп санаймын. Бұл 
барлық азаматтар қатысатын үдеріске деген мақтаныш. Бұл тіпті мақтаныштан да артық деп 
айтуға болады. Бұл: «Біздің қолымыздан келеді!» - деген ішкі қуаныш. Демек біздің



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.