Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 4-тоқсан ЖМБ

ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 4-тоқсан ЖМБ

27 мар 2024, 18:44
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
106
0

«Қазақ әдебиеті» 10 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10 сынып

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.


ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 4-тоқсан ЖМБ

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. Драма жанрына сай ерекшеліктерді көрсетіңіз. 
А) Көрініс, шымылдық, ремарка, эпилог
В) Әңгіме, кейіпкер, драма, бөлім
С) Тарау, поэзия, жыр, шымылдық
D) Автор, роман, кейіпкер, пьеса
[1]
2. Голощекин (әуелі тұтығып). А-а-ау, л-л-либерализмнің ш-шегі болмаушы ма е-е-еді! Бұл 
не, Иванов?! Ау, бұл бізді қайдағы бір қаныпезер деспоттар мен тирандарға теңеді ғой! Соны 
да түсінбедіңдер ме?!
Үзіндіде Голощекин қандай оқиғаға байланысты ашуға булықты?
А) Мүсіреповтың Крайкомның іссапарымен, ұжымдастыру науқанын бақылау 
мақсатымен өңірлерді аралау кезі туралы жайып салғанда
В) Бір үзім нан сұрап, оның кеңсесінің алдында сұлап жатқандардың үстінен аттапбұттап өткенін айтқанда 
С) Ғабиттің «Біз халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал сендер халық қайта 
тіріліп кеткендіктен атыласыңдар!» деген жан айқайын естігенде
D) Римнің баяғы императорлары Нерон мен Калигуланың «диалектикасы» жөнінде сөз 
қозғалғанда
[1]
3. «Бесеудің хаты» драмасында «мүнә-фикүн» сөзі қандай мағынада жұмсалады?
А) Азғындық 
В) Сатқын
С) Екіжүзді
D) Озбырлық
[1]
4. Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасының кіріспесінде қай жануар туралы айтылады?
А) Арыстан
В) Киік
С) Қасқыр
D) Арқар 
[1]
5. Автор шығармасында «жалғыздықты» неге балайды?
А) Қорқақтық пен қорқаулыққа 
В) Даралық мен даналыққа 
С) Сабырлылық пен төзімділікке
D) Ыза мен жеккөрушілікке
[1]




Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.