Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан ЖМБ «Іс жүргізу құқығының негіздері»

БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан ЖМБ «Іс жүргізу құқығының негіздері»

27 мар 2024, 19:42
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
19
0

«Іс жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Құқық негіздері» 10-сынып 4-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан ЖМБ «Іс жүргізу құқығының негіздері»

«Іс жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қылмыстық процесс субъектілері 
Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары
Оқу мақсаты 10.4.1.2 Қылмыстық процесс субъектілерін ажырату
10.4.3.2 Әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық 
негіздерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қылмыстық процесс субьектілерін анықтайды 
 Әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық
негіздерін анықтайды
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Қылмыстық іс жүргізу субъектілері дегеніміз:
А) қылмыстық процесс субъектілерінің араларындағы нақты қатынастар 
В) қылмыстық іс жүргізу заңы ережелерін басшылыққа алатын негізгі идеялар
С) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және және тиісті тергеу, сот 
қызметтеріне қатысуға құқығы мен міндеттілігі бар адамдар 
D) қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы 
2. Қылмыстық іс жүргізу субъектілерін қалай топтастыруға болады:
А) сот, қылмыстық қудалау қызметтерін іске асыратын мемлекеттік органдар мен 
лауазымды адамдар
В) қылмыстық процесске қатысушы өзге де адамдар
С) өзінің немесе берілген құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процесс 
қатысушылары
D) лауазымды адамдар
3. Дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар:
А) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
В) сот
С) куәгерлер мен сарапшылар
D) күдікті, айыпталушы
4. Әкімшілік процесті жүзеге асыруға қатысты ұғымдардың анықтамасын жазыңыз.
№ Ұғымдар Анықтамасы
1 Әкімшілік процесстегі субъектілер
2 Әкімшілік іс-жүргізудің қағидалары 
3 Әкімшілік процесс
4 Әкімшілік процесстің мазмұны




Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.