Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан ҚГБ

ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан ҚГБ

28 мар 2024, 20:13
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
103
0

Қазақ тілі 10 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10-11 сыныптар

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан ҚГБ

«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация», «Сөз мәдениеті және 
шешендік өнер» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма 
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені 
анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, 
дәлелдеңіз. 
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды 
деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, 
пікіріңізді білдіріңіз. 
[10] 
А мәтіні
Əлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Əлемдік тәртіптерге жаһандық
экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы (әлем
халқының 1 млрд. адамы қазір ашығуда), әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары,
индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм,
наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды
құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз
ықпалдарын тигізіп отырды.
Əлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп
болуда. Жаһандық дағдарыстардан әр мемлекет зардап шегеді, сондықтан олар әлемдік
дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Дегенмен, қанша қуатты болмасын жеке бір
мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға
қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Əлемдік
саясат мәні осындай зәруліктен туындайды.
Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар
әкелуде, сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет атсалысуы
керек. Өкінішке орай, мемлекеттердің көпшілігі өздерінің капитал мүдделеріне әлі де болса
басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат
адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тыйым салу қажеттілігін
талап етуде. Əлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді
ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау.
Халықтар мен мемлекеттердің тарихи тағдырлары бір-біріне байланысты. Олардың
өзара қатынастары мемлекетаралық деңгейде, халықаралық ұйымдар арқылы, трансұлттық
корпорациялар, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар т.б. әлемдік саяси процесс субъектілері
арқылы өтеді. Əлемдік саясат акторлары адамзаттың сақталуы мен өмір сүруін қамтамасыз
етуді көздейді. Əсіресе ядролық және жаппай қыру қаруларының басқа түрлерін қолдануға,
сынауға тыйым салу, оларды таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері бірлесіп шешу
қажеттілігін түсініп, ортақ шаралар жасай бастады.
Ә мәтіні
Əлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешу жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ
сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге
қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз
дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде. Бұл ретте
әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы
үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан
сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.